Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері ауыл тұрғынының жоғалған жылқыларын тауып берді

Абай облысының полицейлері ауыл тұрғынының жоғалған жылқыларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда Әуезов полиция бөліміне шаруа қожалығының 68 жастағы иесінен өтініш келіп түсті. Ер адам ауа райына байланысты еркін жайылымнан жоғалып кеткен 17 жылқысын табуға көмек сұрады. Мал иесі шығынды 9 млн теңгеге бағалады.

Қабылданған шаралар аясында екі күннен кейін шаруа қожалығынан 3 шақырым жерден дрон арқылы жылқылар табылды. Ертістегі су толқыны табынның тұрақты мекеніне оралуына кедергі болған. Су азайғаннан кейін полицейлер жылқыларды иесіне тапсырды.

Ауыл тұрғыны өз кезегінде тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Абай облысының полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларын еркін жаюға жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Абай облысында қараусыз жүрген малды бақылау бойынша тұтас комиссия құрылды. Шаруа қожалықтарының басшыларына хаттама жасалып, айыппұл салынады. Сонымен қатар мал иелері оларды ұстау, тасымалдау бойынша барлық шығындарды өтеуге міндетті болады.

Үй жануарларының автожолдарда жүруіне жол бермеу бойынша іс-шаралар да қызу жүріп жатыр. Жайылып жүрген иесіз малдың кінәсінен жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдармен мәселе пысықталуда. Сонымен қатар Абай облыстық полиция департаменті елді мекендерге жақын жерде “мал айдау” сигналдық кешендерін орнату мәселесімен айналысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру