Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төбелес кезінде алтын алқаны қолды қылған астаналық анықталды

Төбелес кезінде алтын алқаны қолды қылған астаналық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға құны 865 мың теңге болатын алтын алқасының жоғалғаны туралы арызбен елорда тұрғыны жүгінген.

Тергеу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға қатысты деген күдікпен 25 жастағы жігітті ұстаған. Белгілі болғандай полицейлер күдікті мен жәбірленушінің кафеде бірге демалғанын анықтаған. Ойын-сауық орнынан оралғаннан кейін олардың арасында ауызша жанжал туындаған.

Ер адамдар арадағы кикілжіңді үйдің кіреберісінде жалғастырып, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушінің мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, жұмған жұдырығына жасырған. Төбелес болған сәт камераға түсіп қалғандықтан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне жедел түсуге мүмкіндік алған.

Аталған фактіге қатысты (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру