Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордадағы қонақүйден құнды затты ұрлап кеткен азамат анықталды

Елордадағы қонақүйден құнды затты ұрлап кеткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды анықтады. Жәбірленуші полицияға хабарласып, белгісіз адам одан алтын тізбекті бұйымын ұрлап кеткенін хабарлап, жүгінген. Жәбірленуші бір күн бұрын ер адаммен кездескені белгілі болған.

Олар қонақүйде ішімдік ішіп, еркін отыру үшін бөлме жалдаған. Біраз көңілді отырыстан кейін әйел ұйқыға айналғанда, ер адам сол сәтті пайдаланып, оның шамамен 250 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарды үптеп үлгерген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті мойындау айғақтарын берді, оның Астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру