Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүгінді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұндай үндеуді ол ІІМ-нің онлайн брифингінде айтып өтті.

– Жауапкершілік шараларын қабылдау бәрінен бұрын осы балалардың ата-аналары, олардың туысқандары мен заңды қорғаушылары тарапынан қоғамдық резонанс туғызатыны айтпаса да түсінікті. Біз олармен тығыз байланыстамыз, тіпті Мәжіліс депутаттарының қатысуымен Парламент қабырғасында да кездесулер өткіземіз, әңгімелесеміз, кеңестер береміз. Осы өте әсерлі және шетін мәселелерді заңнамалық реттеу мүмкіндігін қарастырамыз, – деді полиция қызметкері.

Оның айтуынша, ата-аналарға, мұғалімдерге, ұстаздарға және қалғандарына есірткі таратумен айналысатын тұлғалардың оңай олжа және «жеңіл ақша» табу мақсатында біліп тұрып ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қасақана баратынын түсіну керек.

– Өз кезегінде, олардың ұлттың генетикалық қорына әсер ететін теріс салдарына әкеп соқтыратын қоғамдық қаупі бар. Есірткі саудасының қауіпті жолына тұрғандардың көбі бір кездері дұрыс таңдау жасамағанын түсініп, осы бизнестен шыққысы келеді, бірақ бұл олар ойлағандай оңай емес. Ең қызығы, ересек адамдар да солай ойлайды, бұған қоса олардың басым бөлігі есірткі мәселесі кімге тисе де, олардың отбасын айналып өтеді деп ойлайды.  Сондықтан құрметті ата-аналардың, мұғалімдердің, ұстаздардың және бей-жай қарамайтын азаматтардың өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің, оларға өнегелі және моральдік құндылықтарды, мәдениет идеологиясын және құқықтық сауаттылықты дарытудың қажеттілігі мен маңыздылығына назар аударғым келеді. Отбасынан бастап кішкентай кезінде және бастауыш сыныптардан осы айтылғанның іргесін қалау керек екендігі айдан анық! Ал біз – құқық қорғаушылар, өкінішке орай, әлеуметтік фактордың нәтижесінде, сондай-ақ өз балаларына және олардың жас ерекшелігіне қарай болатын проблемаларға ересек адамдардың   бей-жай қарап тиісті көңіл аудармауына байланысты орын алған теріс салдарын байқап отырымыз, – дейді ол.

Сонымен қатар Әмірханов кәмелетке толмағандардың интернет желісіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді біз аса маңызды деп қарастыратыны атап өтті.

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және аумақтық бөліністермен әр түрлі тәуелділік мәселелерінде білім беру, денсаулық үшін қауіпсіз тәртіп туралы ақпараттандыру және, әрине салауатты өмір салтын үгіттеу жүргізіледі. Бұл жұмыс бізбен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде құзырлы органдармен және әкімдіктермен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүргізіліп жатыр, – деп аяқтады сөзін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру