Павлодарда полицейлер көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізушілерді анықтады
Павлодарда полицейлер көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жүргізушілері ксенон және LED-шамдарын орнатқан автокөліктерді анықтауға рейдтік іс-шаралар өткізді.
– Павлодарда Толстой – Абай көшелерінің қиылысында полиция Ваз-21102 автокөлігін тоқтатты, онда тұманды шамдарға лед-фаралар орнатылған болды, жарық беру құралдары да түгел болмады. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші жазаланып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Тәртіп сақшысы өндіруші шығарған шамдарды қуатты шамдармен ауыстыру заңсыз екенін атап өтті. Бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді. Көлік шамдарын LED-шамдарға, жарықдиодты немесе ксенонды шамдарға ауыстырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен, ал 20 АЕК-ті қайталап бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.