Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда Кинология орталығының қызметкерлері ерекше балаларға канистерапия сеанстарын өткізді

Қарағанды облыстық ПД Кинология орталығының қызметкерлері ерекше балаларға канистерапия сеанстарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы “Үміт сәулесі” қоғамдық қайырымдылық қоры біраз уақыттан бері Қарағанды облыстық полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Қайырымдылық қор, психоневрологиялық ахауы бар балаларға көмек көрсетумен айналысады. Бұндай ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар Кинология орталығында бірнеше рет болды. Жақында қайырымдылық қордан көмек алатын балалар орталыққа емделуші ретінде барды.

– Бұл балалармен біздің қызметкерлер канистерапия сеанстарын өткізеді. Бұл жануарлармен емдеудің бір түрі, біздің жағдайда қызметтік иттерді қолданатын емдеу және оңалту әдісі, – деді Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Айдар Абдрасилов.

Бұл жерде пациенттердің төрт аяқты “медициналық дәрігермен” тікелей қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады. Кинологтар Глория және Венера атты екі қызметтік итті арнайы таңдады. Олардың жүйке жүйесі тұрақты және инклюзивті балалармен достасқанды ұнатады. Орталықта сегіз науқас ата-анасымен бірге қол тигізетін, тіпті құшақтай алатын жануарлармен оңай тіл табысып, уақыттарын өткізді. Орталықта балалар иттерді тек ұстап қана қоймады, қызметкерлер оларды шанаға жегілген иттермен қыдыртты.

– Жануарлармен қарым-қатынас жасау – балам үшін өте пайдалы болды. Ол осындай керемет иттердің жанында өзін белсендірек ұстай бастады. Осындай сеанстар жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын, – дейді ата-аналардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру