БҚО-да полиция қызметкерлері браконьерлерді құрықтады
БҚО-да полиция қызметкерлері браконьерлерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал – Атырау тасжолында, Чапай ауылына жақын жерде БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Hilux автокөлігін тоқтатты.
Көлікті тексеру барысында 5 киіктің, 3 қоян өлексесі және аулауға тиісті құжаттары жоқ бір қап түрлі балық тұқымдары табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ автокөліктен тіркелген қару және балық аулауға арналған құралдары табылды.
Аталған факті бойынша Ақжайық ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.