Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңсыз балық аулаудың 54 дерегі тіркелді

Қызылорда полицейлері «Браконьер» іс-шарасы барысында заңсыз балық аулаудың 54 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-29 ақпан аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлер 73 құқық бұзушылықты анықтады, оның бесеуі қылмыстық іс және 68-і – әкімшілік құқық бұзушылық. Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 54 , балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың – 4, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың – 7, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың үш дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру