Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін ұстады

Полиция азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық жасады деп айыпталды. Олар 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілді.

Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлері қолға түсірген еді. Қазір олар тергеуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру