Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа
қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Топ жетекшісі қаладағы ломбардтардың бірінің бұрынғы қызметкері болған. Осы салада жұмыс істеген жылдары жинақталған тәжірибесін қолдана отырып, үлкен ақша табудың жолын ойлап тапқан. Алаяқтыққа өзінің сегіз танысын тартқан. Қылмыстық топтың әр мүшесінде өз міндеттері болған. Бірі таныстары арқылы немесе жалға қымбат көліктер табумен айналысқан. Екіншісі жалған құжаттар жасаған.

Осылайша алаяқтар нақты жасалған кесте бойынша әрекет етіп, бір жыл ішінде Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200 сияқты қымбат бес шетелдік көлікті ломбардтарға өткізіп үлгерген. Уақытша алынған автокөлік үшін алаяқтар жаңа құжаттар жасап отырған. Топ жалған құжаттарды тұрғылықты жері жоқ адамдарға рәсімдеген. Автоломбардтарға жалған құжаттары бар көліктерді өткізіп отырған. Біраз уақыттан кейін қарыз алушылармен байланысқа шыға алмаған ломбард жұмысшылары алаяқтық туралы полицияға жүгінген. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млн теңгені құраған.

Осындай қылмыстарды ашу мақсатында полиция қызметкерлері орасан зор жұмыстар атқарды. Біріншіден, тергеушілер құжаттарды тексеріп, сараптаманың
көмегімен олардың жалған екенін анықтады. Одан әрі тәртіп сақшылары ломбардтарда және оларға жақын жерлерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, барлық куәгерлерден жауап алды.

Нәтижесінде, полицейлер барлық жағдайда жалған жалға берушілермен бірге жүрген күдіктінің ізіне түсті. Ол арқылы жедел уәкілдер қала аумағында қылмыстық топтың басқа мүшелерін де ұстай алды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша тіркелді.

ҚР ҚК-нің 262-бабымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқтыоларға қатысу), ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық), ҚР ҚК-нің 385-бабымен (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк поштатөлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), ҚР ҚК-нің 386-бабымен (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу). Қазіргі уақытта ҰҚТ-ның барлық мүшелері, яғни 9 адам қамауда.
Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] Шымкентте алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Олар қымбат көліктерді тауып, ломбардқа өткізіп, 40 миллион теңге шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру