Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 106 айыппұлы бар Грузия елінде тіркелген көлікті анықтады

Атыраулық полицейлер 3 млн теңгеге жуық төленбеген 106 айыппұлы бар Грузия елінде тіркелген көлікті анықтады. Көлік жүргізушісі аталған көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

6 маусым күні сағат 12:00 Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері Грузия елінде тіркелген Toyota Highlander автокөлігінің төленбеген айыппұлы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне анықтама берген.

Қала көшелерінің бірінен Toyota Highlander автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі тоқтатылып, аталған автокөліктің 2 млн 937 мың 417 теңге төленбеген 106 айыппұлы бар екені анықталды. Сондай-ақ, аталған автокөліктің сақтандыру жүйесінде де ақпараттары жоқ екендігі белгілі болды.

Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігімен хаттама жасақталып, көлігі арнаулы тұраққа қойылды. Көлік жүргізушісі аталған көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін жеткізді.

Атыраулық полицейлер, тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру