Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да трассада 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды

СҚО-да трассада 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өткен жексенбі күні сағат 16:20 шамасында Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына бұрылыстан 10 шақырым жерде Volvo жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалған. Алдын ала болжам бойынша апат дөңгелегі істен шыққан соң орын алған. 36 тонна дизель отынын тасымалдаған 30 жасар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кішкенекөл ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына жол тартқан. Бұл жайында полицейлерге бір лекте кетіп бара жатқан әріптес жүргізушілері хабарлаған.

Жол-көлік оқиғасы орнына патрульдік полиция батальонының, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция және төтенше жағдай қызметкерлері шыққан.

– СҚО-да трассада 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды. Жанар-жағармай басқа бензавоза құйылып, тиегіш көліктің көмегімен жолға көтерілді. Сағат кешкі он бірге қарай өрт сөндірушілермен бірлесе Volvo Аққұдық ауылына жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі шамамен жеті сағаттай жолда тұрып қалған, – дейді СҚО ПД ППБ қызмет инспекторы Сақтияр Ашмадьяров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру