Ақтөбе облысының әкімі қарлы боранда адам өмірін құтқарған полицейлерді марапаттады
Бүгінгінің батырлары. Ақтөбе облысының әкімі қарлы боранда адам өмірін құтқарған полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ететін мамандар, кәсіпкерлер және өзге ел, өзге аймақтың азаматтарына қол ұшын созған еріктілерге риясыз алғысын жеткізді.
Соның ішінде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Жеңісбек Мұратов, Атамұрат Рахметов, Тұрлыхан Темірханұлы, Жандос Намазбаев және Естай Қалдығұлов алғысқа иеленді.
Олар өңірде табиғат тосын мінез танытқан кезде күндіз-түні көз ілмей, еңбек етіп, халықтың қауіпсіздігін сақтауға бар күш-жігерін салды.