Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды

Алматыда “Тосқауыл” іс-шарасы кезінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қалада есірткіге қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында “Тосқауыл” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезеңінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды.

8 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 7 келіден астамы – синтетика.

– Арнайы іс-шара нәтижесінде 31 жастағы азамат ұсталып, одан аса ірі көлемде есірткі заттары, атап айтқанда 500 грамнан астам кокаин, 400 грамм МДМА есірткісі және 31 граммнан астам мефедрон табылып, тәркіленді.

Күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар іс-шара кезеңінде есірткі зертханасы жойылды, онда жалпы салмағы 1 келіден асатын сатуға дайын тұрған “мефедрон” өнімдері табылды. Зертханалық құрал-жабдықтар мен синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі прекурсорлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру