Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер студенттерге есірткіге қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді

Түркістанда полицейлер колледж студенттеріне есірткіге қарсы түсіндірме жұмысын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында Ахмет Яссауи атындағы кәсіби колледж студенттеріне кездесу ұйымдастырды.

Жиын барысында жастарға кинологиялық қызмет орталығындағы есірткі мен жарылғыш заттарды анықтайтын және шабуыл жасайтын қызметтік иттердің жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар “Нашақорлықты және дәріханалық нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында есірткінің зияны мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.

Жалпы, 50-ге жуық студент қатысқан бұл шарада жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды. Полицейлерге жастар танымдық экскурсия және қызметтік иттердің жұмысымен жеке танысу мүмкіндігін бергені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру