Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 728 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада ЖБО бейнекамералары арқылы 728 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқаруда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.
Бір аптада «102» арнасына 730 хабарлама келіп түсті. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 728 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 213 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 44 жүргізуші, 600-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) 43 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 47 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 69 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыстар мен құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.