Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есептегі тұлғалар” ЖПІШ: Ақтауда пробация есебіндегі тұлғалармен кездесу өткізілді

Ақтауда “Есептегі тұлғалар” ЖПІШ барысында пробация есебіндегі тұлғалармен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан “Есептегі тұлғалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Достық үйінде профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен еркін форматта кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ бастығы А.Утешов, ПД КҚҚБ бастығының орынбасары Қ.Қанбаев, AMANAT партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты А.Марат, қалалық мансап орталығы маманы А.Таганов және этнопсихолог Р.Махамбетова қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — бұрын сотталғандарға әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан көмек көрсету, қайталап жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.

Айта кетейік, өткен 2023 жылғы көрсеткішке сүйенсек, Маңғыстау облысында бұрын сотталған тұлғалармен қайталап қылмыс жасаудың 949 дерегі тіркелді. Ал түзеу мекемелерінен босап шыққан 283 азамат полиция департаментімен профилактикалық есепке қойылды.

Шара барысында жиынға қатысушылар өздерін қызықтырып жүрген түрлі бағыттағы сауалдарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан тиісті жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру