Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер аса ауыр жүк тиелген КамАЗ көлігін жол жиегінен алып шықты

СҚО-да полицейлер аса ауыр жүк тиелген КамАЗ көлігін жол жиегінен алып шығуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жолдың тайғақтығынан әрқайсысының салмағы тоннадан асатын теміржол доңғалақ жұбын тасымалдаған КамАЗ жол жиегінен шығып кетті. Жүргізуші «102» арнасына хабарласты оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп жетті. Олар жақын маңда жұмыс істеп жатқан ДЭУ-66 техникасының көмегіне жүгінді. Алайда КамАЗ көлігінде тиелген ауыр жүк болғандықтан көлікті жолға сүйреп шығарудың алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.

57 жастағы жүргізуші Рузаевка ауылында түнеп қалды. Ал полицейлер жүктің сақтығын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көліктен жүкті түсіруге жергілікті тұрғын автокран иесі Сергей Гарпенюктің көмегіне патрульдің күндізгі ауысымына келген сақшылар келісті. Осыдан кейін ДЭУ-66 техникасы КамАЗ жүк көлігін шығарып алды.

– Қыстың күрделі климаттық жағдайына байланысты арнайы техника жолдарды тазалап үлгермей жатады. Мұны есте сақтап, жолда аса сақтықты сақтауды сұраймыз. Жолдың күрделі учаскелерінде жылдамдықты төмендетіңіз. Басып озуды маневрлерінен бас тартыңыз. Жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды және көлік құралдарының техникалық жай-күйі қадағалаңыз. Әсіресе ауа райының нашарлауы қарсаңында ерекше қажеттіліксіз алыс қашықтықтағы сапарларға шықпаңыз, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі Уәлихан Оразалин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру