Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында арзан бағада жер алып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында полиция тұрғынға жер учаскесін арзан бағада алып беремін деп жалған уәде берген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жатқанын біліп, қосымша ақша тапқысы келген. Ер адам оны үй салу үшін жер учаскесін сатып алуға, сондай-ақ өтеусіз несие алуға көмектесетініне сендірген. Мұндай “көмекке” қуанған жәбірленуші бірден келісіп, ер адамға 750 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.

Содан алданған әйел бірден полицияға жүгінген. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру