Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын өзгенің телефонын заңсыз иемденген

Астаналық тұрғын өзгенің телефонын заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз азамат үйге кіре берген кезінде телефонын алып, қашып кеткендігі туралы хабарлады. Тәртіп сақшылары дереу оқиға болған жерге барып, мән-жайды анықтады.

Жақын маңда орналасқан камералардың таспаларын зерделеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 33 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Белгілі болғандай, ол жәбірленушіге тиесілі Huawei телефонын қолма қол ақшаға жолай сатып жібереді де, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру