Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны 130 келіден астам заңсыз ауланған рипусты тасымалдаған

ШҚО тұрғыны 130 келіден астам заңсыз ауланған рипусты тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер құқық бұзушыны “Браконьер” ЖПІШ барысында анықтады.

Балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Renault Sandero автокөлігінің жүргізушісі патрульдеу кезінде Самар ауылына кіретін жолда ұсталды.

Ер адамның көлігінен полиция қызметкерлері жалпы салмағы 134 келі болатын 7 қап рипус балығын тапты. Сондай-ақ жүргізушіде рұқсат құжаттары болмағаны анықталды. Заңсыз аулаудан келтірілген шығын 900 мың теңгені құрайды.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік,  “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру