Түркістан облысында полиция өртті дер кезінде сөндіріп, бүтін бір отбасыны құтқарып қалды
Түркістан облысында полиция өртті дер кезінде сөндіріп, бүтін бір отбасыны құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Сайрам ауданындағы үйдің ауласында шыққан өртті дер кезінде сөндіре алды.
Таңғы сағат 10:00 шамасында тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде полицейлер жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқаған. Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері барды. Мұнда олар малға арналған екі қабатты ғимараттың шатырында шөп өртеніп жатқанын анықтады.
4 полиция қызметкері өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін оны дереу сөндіруге кірісті. Су мен қолға түскен құралдардың көмегімен және өрт сөндірушілермен бірге олар өртті тез арада сөндірді. Осылайша жедел және ұйымдасқан әрекеттің арқасында ауыл тұрғынының үйі өрттен аман.
Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді. Үй иесі, яғни жергілікті тұрғын өзінің шынайы алғысын білдірді.