Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғынның ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандылық тұрғынның ақшасы мен құжаттарын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша бұған дейін үйіне 20 литр суға тапсырыс берген.

Белгіленген уақыта пәтердің есігін қағып, жас шамасы 18-20 аралығындағы азамат су әкеліп беріп кеткен. Ол кеткен соң арызданушы өз жұмыстарымен сыртқа шықпақ болған. Алайда жұмбақ күйде ішінде жүргізуші куәлігі, жеке бас куәлігі және ақшалары бар әмияны жоғалып кеткен. Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру