Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында биыл есірткіге қатысты 16 қылмыстың жолы кесілді

Павлодар облысында биыл есірткіге қатысты 16 қылмыстың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полицейлер есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы барысында 16 қылмыстың жолын кесті. 9 заңсыз контент анықталды және бұғатталды.

 

– Жедел уәкілдер тыйым салынған заттарды интернет, жасырын қоймалары арқылы таратты деген күдікпен 19 жастағы жас жігітті ұстады. Автокөлікті тінту іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері изолентаға оралған буманы тартып алды. Бұдан әрі тұрғылықты жері бойынша есірткі заттары, таразы, буып-түю материалы, карталар мен телефондар салынған бума тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, ер адамнан 40 грамнан астам психотроптық заттар тәркіленді, – деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Өңірде жедел қызметкерлер жасөспірімдер мен жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға ерекше назар аударады.

Биылғы жылы үкіметтік емес және волонтерлік ұйым өкілдерінің қатысуымен блогерлер 29 мақсатты профилактикалық іс-шаралар: дәрістер, спорттық іс-шаралар, кең ауқымды акциялар мен флешмобтар өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру