Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейдің заңды талабына бағынбаған жанжалқой жауапқа тартылды

ШҚО-да полицейдің заңды талабына бағынбаған жанжалқой жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам Алтай ауданының полициясына хабарласып, көршілерінде бірнеше сағат бойы отбасылық жанжал жалғасып жатқанын, онда ер адам жұбайын қорқытып жатқанын айтқан.
Аталған мекенжайға жедел жеткен полицейлер, мас күйдегі азаматты полиция бөліміне апарып, заңсыз әрекеттерінің жолын кескен.

Уақытша ұстау бөлмесінде болған кезде ер адам өзін агрессивті ұстаған. Тәртіп сақшыларының заңды талаптарына мойынұсынбай, үй-жайдың есігін қағып, орындықтарды бұзуға тырысып, полиция қызметкерлеріне қасақана бағынбаған.

Ауданның 42 жастағы тұрғынына қатысты көрсетілген әрекеттер, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, оларды қарау нәтижелері бойынша сот оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру