Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мерекеге орай әйел полицейлердің арасында спорттық жарыс өтті

Жамбыл облысында мерекеге орай әйел полицейлердің арасында спорттық жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Динамо» спорт кешенінде Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әйел полицейлер арасында спорттық жарыс өтті. Жарысқа полиция департаментінің, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің 45 қызметкерінен құралған 15 команда қатысты. 

Қатысушылар эстафеталық ойындарда: арқан тарту, кедергілерден өту, нысанаға ату, алғашқы медициналық көмек көрсетуде алғырлықтарын көрсетті.

Жарысты ашқан Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматов барлық қатысушыларды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, қызметте табыс, отбасында зор денсаулық пен амандық тіледі.

– Бүгінгі полиция департаменті қызметкерлері арасындағы жарыс Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілді. Сұлу ханымдар, сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздер ер адамдармен бірге қызметтік міндеттеріңізді адал атқарып, еліміздің игілігі үшін қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрсіздер. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, қызметте табыс, ал жарыста сәттілік пен жеңіс тілеймін,  – деді Қанат Сматов. 

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінің командасы, 2-орынды Меркі және Тұрар Рысқұлов АПБ құрама командасы, 3-орынды Қордай ауданы полиция бөлімінің командасы иеленді. «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын Жуалы АПБ командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, төсбелгілермен, кубоктармен және дипломдармен, ал барлық қатысушылар гүлдермен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру