Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 827 тұрғын анықталды
Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 827 тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 827 тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қызылорда полицейлері арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.