Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытауда ІІО ардагерлері жас сақшыларға бағдар көрсетуде

ІІМ басшысы Ержан Саденовтың бастамасымен ішкі істер органдарында тәлімгерлер кеңесін құру қолға алынған болатын. Осы орайда Ұлытауда сала ардагерлерінен құралған тәлімгерлер кеңесі құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұзақ жылдар бойы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыспен күресте алдыңғы шепте болып келген тәжірибелі мамандар енді жас сақшыларға жәрдемдеспек.

Жақып Сәрсенбаев 1969 жылдан бастап Ішкі Істер саласында қызмет атқарған. Бұрынғы Жезқазған облысына қарасты  Мойынты, Киік станцияларында еңбек жолын бастап, 1972 жылы “үздік милиция қызметкері” атағын алған. Бір жылда 121-ден астам қылмыстық істі тергеп, үздік тергеуші атағына ие болған Жезқазған аймағындағы алғашқы тергеушілердің бірі. Қария енді жас мамандардың біліктілігін жетілдіруге көмектеседі.

Ұлытау облысы полициясында қызметкерлердің кәсіби дайындығы мен моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылады. Бұл істе ардагерлердің үлесі зор. Айта кету керек, өңірде ішкі істер органдарының 1300-ден астам ардагері бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру