Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да студенттер полиция қызметімен танысты

СҚУ мен Солтүстік Қазақстан колледждерінің 30 студенті Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының ерекше жобасы аясында полиция жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара СҚО полиция департаменті қызметкерлерімен өткізілді.

– Бүгін сіздер полиция қызметімен танысасыздар, полицейлердің күнделікті жұмысының барлық жауапкершілігі мен ауыртпалығын сезінуге мүмкіндік аласыздар. Бұл сіздерді бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Бүгін сіздер полиция қызметін жаңа қырынан танитын боласыздар, – деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Жедел басқару орталығында ұлдар мен қыздар бейнебақылау инспекторларының Петропавлды қалай бақылайтынын біліп, өздерін кезекші ретінде сынап көрді: олар шартты шақыруды қабылдап, қылмысты ашу үшін қажетті ақпаратты бір минут ішінде жазып алуы керек болды. Жалпы, «102» операторының рөлін полицияның қонақтары атқара алды.

Департаменттің бірінші қабатында криминалистер полигонды жабдықтады, онда кісі өлтіру және ұрлық жасалған орындар құрылды. Жоғары деңгейлі мамандардың жетекшілігімен студенттер арнайы киімді киіп, шартты «қылмыскердің» қолдары мен аяқтарының іздерін, иіс пен биологиялық материалдың үлгілерін іздеп, алды, «Faces» бағдарламасының көмегімен күдіктінің фотороботын жасады.

Н.Погодин атындағы орыс драма театры актерларының қатысуымен ойналған сахналық көрініс әсерге толы болды: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы дәріс «жанжалқой» мен «жәбірленушінің» пайда болуымен үзілді. Тәртіп сақшылары іс жүзінде студенттердің қайсысы шатаспайтынын және учаскелік инспекторды қолдайтынын тексерді. Жігіттер кісеннің көмегімен «жанжалқойды» өз күштерімен тыныштандырып, одан жауап алуға мәжбүр болды. Сонымен қатар қыздар іс жүзінде жәбірленуші тараппен байланыс орнату, тыныштандыру және сұхбаттасу туралы алған білімдерін қолданды.

Сонымен қатар студенттер экстремизм бойынша теологтың дәрісін тыңдап, қару-жарақ көрмесін тамашалаған соң, «Менің қазақстандық полициям» тақырыбында эссе жазды. Іс-шара аясында жас полиция қонақтары террористерді бейтараптандыру жөніндегі арнайы бөлімшелердің жұмысын көрді. Олардың көз алдында қызметтік иттер «жарылғыш құрылғыларды» іздеді, содан кейін жарылғыш заттар залалсыздандырылды.

Соңында «Полициядағы бір күнді» өткерген жастар сертификатқа ие болды. Олардың пікірінше, мұндай сабақтар халықтың қауіпсіздігі үшін адамдардың қандай жауапкершілікке тартылатынын жақсы түсінуге көмектескен.

– Мен полиция қызметінің қиындыққа толы екенін сезіндім, сондай-ақ қазір менің қызметкерлерге деген құрметім одан сайын арта түсті. Бұл ерекше әрі қызық күн болды, – дейді СҚУ 4 курс студенті Гүлмира Баяндина.

«Полициядағы бір күн» – республикалық жоба, оның міндеті жастарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтастыққа тарту. Бұл балаларға полиция қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын түсінуге және сезінуге, олардың кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілігін дамытуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру