Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері қоғамдық көлікте алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласының қоғамдық көліктерінде алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қалалық автобустарға азаматтарды қиянатшыл адамдардың қылмыс жасауына мүмкіндік бермеуге шақыратын жадынама қағаздарын жабыстырды.

Алаяқтардың құрбанына айналудың алдын алатын әрекет ету алгоритмдері бар жолаушыларға арналған ескерту плакаттары қоғамдық көліктің салонына және маршрут нөмірінің жанына арнайы ілінеді.

Мұндай жадынамалар жолаушыларды сақ және қырағы болуға шақырады.

⁠- Әлеуметтік желілерде белсенді емес қала тұрғындарының басым бөлігі қоғамдық көлікті пайдаланады. Осыған байланысты біз адамдардың барлық жас топтарын интернет-алаяқтардың жаңа әдістері мен қылмыстық схемалары туралы хабардар ету үшін белсенді профилактикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алаяқтың құрбанына айналмау жөніндегі үлкен әріппен басылған кеңестерді екі тілде де оқуға болады, – дейді ведомство өкілдері.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтары арасында да белсенді ескерту жұмыстарын жалғастырып келеді.

Күн сайын тәртіп сақшылары азаматтарға интернет алаяқтық туралы жадынама-ескертулер таратып, профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру