Қарағандыда патрульдік полицейлер көлікті пайдалану ережелерін бұзудың екі дерегін анықтады
Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кезекші тәулікте көлікті пайдалану ережелерін бұзудың екі фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Мұқанов көшесінде 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry автокөлікті тоқтатты. Бұл көліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне көріністі шектейтін пленка қолданылған. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлікті басқарғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Құқық бұзушыға 18 400 теңге айыппұл салынды.
Республика даңғылында полицейлердің назарына 23 жастағы ер адам басқарған Mercedes-Benz көлігі ілікті. Темір тұлпарға толығымен тонировка жасалынған. Іс жүргізу кезінде ол осындай бұзушылық үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Іс жүзінде хаттама жасалып, жүргізушіге 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.