Түркістан полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, жұмыссыз әйел танысын мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесемін деп одан 150 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамай қашып жүрген.
Тәртіп сақшылары күдікті әйелдің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын – 600 мың теңге.
Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолдануда.