Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қар суы басқан ауылдарда 60 полицей тәулік бойы тұрғындарға көмектесіп жатыр

СҚО-да қар суы басқан ауылдарда 60 полицей тәулік бойы тұрғындарға көмектесіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында полицейлер, ТЖД қызметкерлері, әкімдік өкілдері, медицина қызметкерлері, экскаватор мен басқа да техниканың жүргізушілері қарғын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр. Сәуірдің алғашқы аптасының соңында ауданда су басудан ең көп зардап шеккен Красная Поляна, Доброжановка және Черниговка ауылдары болды.

Осы ауылдарда тереңдігі белге жақындайтын суық судың ішінде құтқарушылармен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов бастаған ондаған полиция қызметкері де жұмыс істеп жүр.

Жергілікті учаскелік полиция инспекторы Азамат Сулеймановтың айтуынша, Краснополян ауылдық округiндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар 31 наурыздан бастап жүргізіліп келеді. 6 сәуірдегі жағдайға сәйкес, даладан келген қарғын судың қарқыны бәсеңдеген, алайда ол Рощинск ауылдық округiне қауіп төндіріп тұр.

Күні-түні тұрғындардың жанында жүрген тәртіп сақшылары кез келген уақытта ауылдықтарға көмек көрсетуге дайын. Ауданда су тасқынына қарсы іс-шараларға 60 полиция қызметкері, 20 автокөлік жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру