Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан марихуана мен психотроптық заттар тәркіледі
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан марихуана мен психотроптық заттар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін 32 жаста жергілік тұрғынды ұстады.
Жедел уәкілдер оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде, ішінде марихуана мен мефедронға ұқсас психотроптық заты бар 19 ораманы тәркіледі. Сондай-ақ қарасора тұқымы мен есірткіні қолдануға арналған құрылғы тәркіленіп алынды. Психотроптық заттардың жалпы мөлшері шамамен 15 дозаны құрады.
Қазіргі уақытта есірткіні сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.