Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жаз мезгілінде мотоциклдердің қатысуымен жол апаты жиілейтіндігін ескертті

Павлодар облысының полицейлері жаз мезгілінде мотоциклдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиілейтіндігі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жылы күндердің басталуымен кейбір жүргізушілер мотоциклдерге, мопедтерге және скутерлерге отырады. Жүргізілген талдау нәтижесі мотоциклдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мамыр мен қыркүйек айларының арасында және демалыс күндері жиі болатынын көрсетті.

– Пресное ауылында Урал мотоциклін мас күйінде тізгіндеген ауылдың 56 жастағы тұрғыны Mazda автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасына алып келді. Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғыны мас болған. Ішімдік ішіп мотоциклді басқарғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді, – дейді Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Айта кету керек, жүргізуші заңнамаға сәйкес 20 тәулікке дейін қамауға алынып, жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Тек биылғы жылдың басынан бері Павлодар ауданында полицейлер көлікті мас күйінде басқарған 5 жүргізушінің жолын кесіп, тәртіп бұзушылардың барлығы жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру