Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция департаменті Заречный кентіндегі жағдай туралы айтты

Петропавлға Есіл өзенімен үлкен көлемде су жақындап келеді. Полиция мен жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәулік бойынша қызмет атқаруы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заречный кенті су басуы ықтимал аудандардың қатарында. №13 орта мектепте штаб құрылды. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев күн сайын дәл осы жерде адамдарды эвакуациялап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ауысыммен кезекшілікке түсетін қызметкерлерді учаскелерге таратады.

Тұрғындарға көмек көрсетуге қалалық, облыстық полицияның қызметкерлері, құтқарушылар, өрт сөндрушілер, әскери қызметшілер, әкімдік, медицина қызметкерлері, ұстаздар, волонтерлар жұмылдырылған. 11 сәуір күні таңертең Заречный кентінде әлі де үйлерінен шықпаған тұрғындар бар. Әкімдік, полицейлер мен құтқарушылар дереу қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұрайды.

Қазіргі уақытта Заречный кентіндегі жағдай тыныш, барлығы жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру