Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында заңсыз бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші қолға түсті

Атырау облысында заңсыз бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтөбе – Астрахань тас жолының 691 шақырымында күдік тудырған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Уаз автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде, автокөліктің жүк салғышынан 4 қапқа салынған 89 келі бекіре тұқымдастары тәркіленді.

Күдікті жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре – 2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Заңсыз балық аулаудың жолын кесу бағытында Еркінқала аймағында орналасқан Каспий теңізіне шыға берісінде және Жайық өзені бойындағы Пешной бекетінде жылжымалы кемелердің мобильдік топтары құрылып, Еркінқала, Дамба, Алғабас елдімекені айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру