Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық тұрғындарды алдаған алаяқтар жұбы ұсталды

Талдықорғандық тұрғындарды алдаған алаяқтар жұбы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында алаяқтардың бастамашыл «жұбы» пайда табу мақсатында аңғал азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолданған.

– Жас қыз пысықталған схема бойынша әрекет жасаған. Таныстарының сенімін асыра пайдаланып, өзінің шоты бұғатталған сондықтан ақшаны қабылдай алмайтынын себеп қылып, әкесі ақша аударуы керек деп телефондарын сұраған. Жәбірленушілердің смартфонын иемденіп, түрлі микроқаржы ұйымдарында онлайн-қарыздарды рәсімдеген. Содан кейін жәбірленушілерден әкесі аударған ақшаны шешіп берулерін сұраған, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Дархан Жақанбай.

Ер адам мен жас қыз қылмыстық әрекетті алдын ала сөз байласып жүзеге асырған. Тергеу барысында полицейлер алаяқтарға алданған басқа азаматтарды да анықтады.

– Бір жәбірленушіні ер адам қарапайым түрде алдаған. Жәбірленушінің жүргізуші куәлігінде жаңа санаттарды ашқысы келетінін білгеннен кейін, алаяқ белгілі бір сыйақы үшін көмегін ұсынған. Ақшаны алғаннан кейін, алаяқ оны өз қажеттіліктеріне жұмсап, ал жәбірленушіні уақыт қажет деп күтуді сұраған. Сонымен қатар алаяқтар «жұбы» аңғал азаматтарды алдап, оларды әзірленген жоспар бойынша бопсалаған, – деп қосты Д. Жақанбай.

Талдықорғанның аңғал тұрғындарына алаяқтармен келтірген залалдың жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгеден асты.

Талдықорған қалалық соты алаяқтарды кінәлі деп тауып, әрқайсысына келтірілген залалдың толық өтелуімен төрт жыл бас бостандығына шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру