Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында полицейлер нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастармен кездесті

Ұлытау облысында полицейлер нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Қаражал қаласының Жастар ресурстық орталығының және «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі және облыс полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері қатысты.

Кездесуге қатысушылар нашақорлықтың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде оның денсаулыққа, отбасына және жалпы қоғамға әсерін талқылады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов өңірдегі жастар арасында есірткі қылмысы мен есірткіні қолданудың ағымдағы жағдайы туралы деректер ұсынды.

Жастар арасында алдын алу және түсіндіру шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар өскелең ұрпақ арасында нашақорлықтың алдын алудың ықтимал жолдарын, соның ішінде ақпараттық кампанияларды ұйымдастыруды, әлеуметтік-психологиялық қолдауды және жастарды даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған түрлі іс-шаралар мен бағдарламаларға тартуды талқылады.

Кездесу өңірдегі жастар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күресте түрлі ұйымдар мен полиция арасындағы ынтымақтастық жөніндегі алдағы қадамдар туралы қорытынды талқылаулармен және уағдаластықтармен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру