Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бомбаны қайда қоямыз?”: екі алматылық сауда орталығындағы орынсыз әзілі үшін жазаланды

Сауда орталығында алматылық екі азамат бомба жайлы орынсыз әзілдегені үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде Алматыда “Dostyk Plaza” сауда орталығындағы кинотеатрдың күзет қызметкері СО аумағында бір-бірімен жарылғыш құрылғы туралы сөйлескен екі күдікті ер адамды байқаған.

Бұл дерек туралы дереу қалалық төтенше жағдайлар қызметіне хабарланып, аталған адамдар ұсталды.

Сауалнама барысында бұл адамдар кинотеатрдың жанында, 3-қабатта тұрып, “Менің бомбам қайда?”, “Бомбаны қайда қоямыз?” деп әзілдеп айтқаны анықталды. Сол маңда кездейсоқ болған күзет қызметкері қырағылық танытып, күдікті әңгімесін басшыларға жеткізген.

Бұл деректің жалған болып шыққанына қарамастан, сауда орталығының қауіпсіздік қызметі мен полиция қызметкерлерінің әрекеті лаңкестік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерге қалалық төтенше жағдайлар қызметінің әзірлігін көрсетті.

Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру