Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушы марапатталды

Қызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен болатын. Бүгінде әр адамның азаматтық ұстанымы маңызды. Қазіргі таңда, балғын балалар да құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, қылмыскерлерді ұстауға белсенді болып, полиция қызметкерлеріне көмектесуде.

Міне, бүгін қызылордалық полицейлер қылмыскерді құрықтауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы  Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.

Оқиға 13 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны «102» арнасына Volkswagen passat автокөлігінің терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген болатын. Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы өз қызметтерін атқарып, көрген білгендерден сұрастыру барысында 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің қалай автокөлікке кіргендігін, оның ішінен ақша ұрлап жатқандығын және қай бағытқа кеткендігін айтып қылмыскерді ұстауға көп септігін тигізген.

Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру