СҚО-да полицейлер су тасқыны аймағында балық аулау ережесін бұзған 12 адамды анықтады
СҚО-да полицейлер су тасқыны аймағында балық аулау ережесін бұзған 12 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Су тасқыны кезінде балық жаңа су қоймаларына шығады. Сондықтан да, кейбір балық аулаушыларды оңай олжа қызықтырмай қоймайды. Сондықтан, 15 сәуір мен 1 маусым аралығында уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынған.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Айыртау ауданы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен облысаралық Есіл бассейндік инспекциясының инспекторларымен рейд жүргізді. Нәтижесінде бірлескен рейд барысында 12 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Осындай рейдтік іс-шаралар басқа аудандарда да жүргізілуде. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау да табиғи ресурстарды қалпына келтіруге зиян келтіретінін есте сақтауыңызды сұраймыз, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Табиғатты қорғау полицейлері аңшылық әуесқойларына 2024 жылдың 27 сәуірінен 11 мамырына дейін облыс аумағында Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа, жабайы үйректердің еркектеріне көктемгі аң аулау маусымы ашылатынын ескертеді.
Аңшылыққа ілеспе құжаттардың болуы қажет. Жабайы үйректердің аталықтарына тек қана алдамшы үйрек болған кезде ғана аулауға рұқсат етіледі. Резервтік қордың аңшылық алқаптарында, қаздардың барлық түріне, сондай-ақ аналық жабайы үйректерді олжалауға тыйым салынады.