БҚО полицейлері су тасқынынан зардап шеккендерге құжаттандыру бойынша көмектесіп жатыр
БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды құжаттандыру бағытында құқықтық көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері эвакуациялау пункттерін аралап, тұрғындарға құжаттандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Батыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындар арасында жеке куәлігі суға кеткен немесе жоғалған жағдайға тап болған тұрғындарды құжаттандыру мақсатында халыққа қызмет орталықтарында қосымша құжаттандыру пунктері қызмет атқарады.
Егер қандай да бір себептермен азаматтар су тасқыны кезінде құжаттарын жоғалтып алса немесе сақтап үлгермей қалса, кезек күтпей-ақ мамандарға жүгінуіне болады.
Сонымен қатар 12 эвакуациялық пункте 2 487 адам тұрып жатыр, оның 1081-і балалар. Әр эвакуациялық пункте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері қатарынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырды.