Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 100-ге жуық полицей алма ағаштарын отырғызды

Алматыда 100-ге жуық полицей алма ағаштарын отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің 100-ге жуық қызметкері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында шаһардың индустриялық аймағында орналасқан «Ала саябағында» ағаш отырғызуға және қалалық сенбілікке қатысты.

– Сонымен қатар 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде, оның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымына қамқорлық жасау құндылықтарын дамыту, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Полиция қызметкерлері шетте қалмай, белсенділік танытып, алма ағашының ерекше сортының жүздеген көшетін отырғызды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

«Ала саябағындағы» сенбілік шарасын ұйымдастырушылардың айтуынша, оған Алматы қаласының тұрғындары, еріктілер, спортшылар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерінен 1,5 мыңнан астам адам қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру