Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 11 шетелдік азамат құрылыста заңсыз жұмыс істеген

ШҚО-да 11 шетелдік азамат құрылыста заңсыз жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер облыс аудандарының бірінде Қазақстан заңнамасын бұзушыларды анықтаған. Самар ауылында көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлерде құрылыс жұмыстарын жасаған көрші елдердің 11 азаматын анықтаған.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін олар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК айыппұл және 1-ден 3 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.

Жұмыс берушілер өз кезегінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Олар мемлекет кірісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру