Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері 28 жылқыны ұрлаған күдіктіні құрықтады

Жетісу облысының полицейлері 28 жылқыны ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір полицейлері бұрын жасалған қылмыс санатындағы 28 бас жылқыны ұрлау дерегін анықтады.

Аталған дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында тіркелген. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.

– Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар таңбалар арқылы табылды, – деп атап өтті ПД криминалдық полиция басқармасында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру