Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тыйым салынған заттарды жеткізудің бірден үш әрекеті анықталды

СҚО-да тыйым салынған заттарды жеткізудің бірден үш әрекеті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің уақытылы ден қоюының арқасында осы жылдың 25 және 27 сәуірінде №48 мекемеде тыйым салынған заттарды жеткізудің екі әрекетін алдын алды. Нәтижесінде 24 жастағы бұрын сотталмаған В. есімді азамат және 45 жастағы С есімді бұрын сотталған азамат анықталып, ұсталды.

Осылайша, бірінші жағдайда 5 телефон, сондай-ақ 5 SIM карта, 5 зарядтағыш блогы, 3 құлаққап және 4 USB сымдары, ал екінші жағдайда 7 телефон, 3 SIM карта табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа одан әрі жібере отырып, материалдар жиналып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру