Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталғандар Халықаралық жазушылар одағының мүшесімен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты 57 мекемесінде Қазақстан Жазушылар Одағының, ҚР Журналистер одағының, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Алтыншаш Жақияновамен кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтыншаш Жақиянова – 2017 жылғы “Балалар әдебиетінің үздігі” байқауының жеңімпазы, Қонаев қаласының Құрметті азаматы. Халықаралық жазушылар одағының мүшесі сотталғандарды өз шығармашылығымен таныстырып, еңбектеріндегі адамгершілік және адалдық қағидаттарына тоқталды.

“Жүрегімнің жұлдызы”, “Өлеңім – өмір жолым”, “Қаршыға ғұмыр”, “Жаңбырлы жаз”, “Арқабай шежіресі”, “Базарлық”, “Жанымның нұры”, “Сүмбіле”, “Қапшағай толқынында туған жырым”, “Құлыншақ”, “Сезімнің гүлі”, “Самал лебіз”, “Көңіл назы” сынды жыр жинақтары мен “Қанат жайған Қапшағай”, “Менің Мұқағалиым”, “Алып тұлға және айдынды қала” атты көркем-публицистикалық жинақтарын, “Апа, сені сағындым” атты шығармасын сотталғандарға тарту етіп, өмірдің мәнін терең түсінуге үндеді.

Өз кезегінде сотталғандар да жазушы Алтыншаш Жақиянованың шығармашылығына табыс тілеп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру