Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері үш күнде 22 мас жүргізушіні ұстады

Елорда полицейлері үш күнде 22 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Үш күн ішінде елорда аумағында 500-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Наркология және психиатрия орталығына медициналық куәландыру жүргізу үшін 22 жүргізуші жеткізілді. Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін барлық жүргізушіге қатысты 15 тәулікке қамауға және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғатын әкімшілік іс қозғалды. Іс-шара барысында бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 3 жүргізуші ұсталды, 700-ден астам жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған, 5 жүргізуші қарсы жолға шықты және 19 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру