Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО пробация қызметкерлері есепте тұрған тұлғаның жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті

СҚО пробация қызметкерлері есепте тұрған тұлғаның жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Шал ақын ауданы пробация қызметі бөлімшесінің бастығы М. Спаен есепте тұрған адамның жеке куәлігін қалпына келтіруге көмек көрсетті. Оның айтуынша, жеке куәлігі көшу кезінде жоғалған.

Сотталғанның құжатты өз бетінше іздеуі нәтиже бермеді, кейін көмек алу үшін ол пробация қызметі бөлімшесіне жүгінді.

Қазіргі уақытта жеке куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш ауданның ХҚКО-на берілді, сотталған суретке түсірілді және өзінің жаңа жеке куәлігін ол екі аптадан кейін ала алатындығы туралы хабарлама алды.

– Көшу барысында мен жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Іздеуге тырыстым, бірақ таба алмадым. Шынымды айтсам, мен мұндай жағдайға бірінші рет тап болдым, не істеу керектігін білмедім, сондықтан ПҚБ-ға жүгіну туралы шешім қабылдадым. Асет Спаенға үлкен рақмет маған қуана көмектесті, бірге ХҚКО-ға барып, барлық қажетті рәсімдерді өткізді. Көрсетілген көмек үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деп атап өтті сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру